$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Астанада жас жігіт жол апатынан қайтыс болды

02.07.2025ж. 20:00
70
Астанада жас жігіт жол апатынан қайтыс болды

Көлік аударылып, жүргізуші темір тұлпардың алдыңғы терезесінен шығып кетті. Жантүршігерлік жол апата Астана қаласында болды. Жас жігіт алған жарақынатынан оқиға орнында мерт болды. Қазір жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға дәл осы көпір үстінде болған. Жүргізуші қарсы беттегі жеңіл көліктерге соқтығысқан. Салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Қазір бұл көпірдің бір бағытындағы екі жолақ жөнделіп жатыр. Жантүршігерлік оқиғаны осындағы жұмысшылар көрген. Олар жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтатып, көмек көрсетуге асыққан.

Оқиға кешкі уақытта болған. Полицейлердің айтуынша, жас жігіт рөлге ие бола алмаған. Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЭЛЬМИРА ШАУЛЕНОВА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлеметтерге сәйкес, 24 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, Қалдаяқов көшесінен «Арыс» көпіріне қарай көтерілген кезде рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Жалпы елордада жылдан жылға жол жөлік оқиғасы көбеюде. 2023 жылы 150 жол апаты болса, биыл бұл көрсеткіш 500-ден асып кеткен. Яғни, екі жыл ішінде апаттар саны үш есе артқан.