$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Балаларды тасымалдайтын көлік автобуспен соқтығысты

02.07.2025ж. 20:00
62
Балаларды тасымалдайтын көлік автобуспен соқтығысты

Қызылордада балабақшаға балаларды алып бара жатқан жеңіл көлік автобуспен соқтығысты. «Шевролет Кобальт» маркалы авкөлікті қаладағы жекеменшік балабақша қызметкерінің жолдасы басқарған. Оқиға салдарынан 4 бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Екеуі жіті тексеріліп, үйлеріне қайтарылған. Ал 3 және 4 жастағы қос балақайдың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Жансақтау бөліміндегі бүлдіршіннің бірі арнайы аппаратқа қосылған.

ГҮЛНҰР ӨКСІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда 2 бала реанимация бөлімінде ем алуда. Жағдайлары ауыр, тұрақсыз. Жол көлік оқиғасынан кейін дененің көптеген жарақаттарын алған. Оның ішінде бас миының шайқалуы диагноздарымен ем алуда балалар.

Жеңіл көлік жүргізушісі де түрлі сынық жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Ал жеке балабақша тәрбиешісінің көмекшесі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға қатысты полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

ҚЫЗЫЛОРДА ОЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тергеу қорытындысымен тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.