Астана базарларында ауру малдың еті сатылып жатыр. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бұған дейін Атбасар ауданында қауіпті өнімнің саудаланғаны есте. Артынша жауапты орган шара қабылдады. Қазір тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті елордада мұндай қауіп жоқ дейді. Интернетте жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын жариялады.