Қызы балабақшада күйіп қалған қызылордалық Айнұр Айдарбекова бөбекжай жұмысын тоқтатып, жауаптылар түгел жазалансын деп талап етуде. Айтуынша, 2 жасқа толмаған баласының қолының білек тұсы мен сол аяғы түгел күйіп қалған. Ауруханада бір айға жуық жатқан балақай қазір үйден емін жалғастыруда. Анасы бұл оқиғаға байланысты тек тәрбишілер ғана емес, балабақша басшылығы да жазалануы керек деп есептейді.
Айнұр Айдарбекованың айтуынша 22 мамырда қызы 30 процент күйік шалып, шок жағдайында ауруханаға түскен. Балабақшадағылар жедел жәрдемді де менің айтуыммен шақырды деп ашулы. Алғаш көргенімде қызым қатты шошып қалғаны сонша, жылауға шамасы келмей дірілдеп жатты дейді. Тәрбиешілер қзының қол жуатын жерге жуындырып жатқанда күйіп қалғанын айтқан. Алайда анасы оған күмәнмен қарайды. Сондықтан тәрбиешілер ғана емес, бөбекжай басшылығының да жазаға тартылғанын талап етуде.
АЙНҰР АЙДАРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Нянядан бастап, тәрбиеші, балабақшаның бастығына дейін заң бойынша қандай жаза алу керек, соны алсын. Қозғалған баппен біз келіспейміз. Өйткені қозғалған бап 140-бап. Бізге ол по не окуратности бап. 141 бап бар. халатный отнашения деген.және олар бірден скорый шақырмады. 119-ды қосу керек.
Осы оқиғадан кейін балабақша тәрбиешісі мен көмекшісі жұмыстан шығарылған. Қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, соның негізінде мемлекеттік тапсырысты тоқтатқан. Ал Полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция барлық материалдарды зерттеуде. Іс Қалалық полиция басқармасының өндірісінде, қылмыстық істің тергелу барысы бақылауда.
Ананасының айтуынша, қызының әлі күнге ұйқысы тыныш емес. Шошып, күйіктің тыртықтары мазалап, дәрімен ұйықтайды. Сол аяғын сылтып басатын болған. Сондықтан оны әлі де ұзақ ем-шаралар күтуде.