$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Дәрігерлер әйелдің ішінде дәке ұмытып кеткен

02.07.2025ж. 20:00
117
Дәрігерлер әйелдің ішінде дәке ұмытып кеткен

Алматыда дәрігерлер 9 ай бұрын әйелдің ішінде дәке ұмытып кеткен. Келіншек перзентханада кесарь тілігі арқылы босанған. Операциядан кейін ауырсынуды сезген. Бірақ дәрігерлер қосымша тексеруді қажет деп таппай, үйіне шығарыпты. 9 ай бойы жамбас қуысында тұрған бөгде зат іріңді қабынуға және ішкі ағзалардың зақымдануына себеп болған. Тез арада ота жасауға шешім қабылданып, дәрігерлер ішектің бір бөлігін алып тастауға тура келгенін айтады. Қазір әйел сотқа жүгініп, жауаптыларды заң жүзінде жазалауды талап етіп отыр.