$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстан мен Ресей арасындағы «Сырым» өткізу бекеті жаңартылады

02.07.2025ж. 20:00
135
Қазақстан мен Ресей арасындағы «Сырым» өткізу бекеті жаңартылады

Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Сырым" өткізу бекеті жаңартылады. 10-шілдеде басталатын бұл ауқымды жұмыс бір жылға созылмақ. Жөндеу кезінде шекарадан жүк көліктері ғана өткізіледі. Ал қалған жолаушылар Тасқала, Ақсай, Шаған өткізу бекеттеріне баруы тиіс. Бұл түрлі шаруасымен шекара асқан азаматтарға қиындық туғызары анық. Тіпті қазірдің өзінде кезек күткен түрлі техника шекарада иіріліп тұр. Мамандардың айтуынша, "Сырым" автокөлік өткізу пунктін қайта жаңартуға 21 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға көлік өткізу жолақтары екі есеге көбейтіліп, инженерлік желілер тартылады. Көлік өткізу бекетін аралаған Мәжіліс депутаттары шекарада шиеленіс болмауына күш салатынын жеткізді.

БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мысалы, ертең күздің қара суығы басталады. Қар болады, жауын болады. Сондай кездерде адамдардың бірнеше сағат емес, бірнеше күн қор болып жолда тұруы ол бейнет қой. Бұл мәселені барғаннан кейін тағы да көтеруге тура келеді. Үкімет арасында шешілмейтін болса, мүмкін парламент арасында көтеріп... Қалай болғанда да бұл мәселені шешпей болмайды. Бұл біздің ел экономикасына, халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін нәрсе.