$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

02.07.2025ж. 20:30
113
Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Енді Мүгедектік тобын рәсімдеу бұрынғыға қарағанда әлде қайда жеңіл. Биыл іске қосылған пилоттық жоба аясында медициналық-әлеуметтік сараптама сырттай форматта жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 51 мыңнан астам өтінім қаралды. Бұл емханаға барып тексеруден өткеннен кейін, қалған процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады деген сөз. Сараптама бүгінде 30 түрлі диагноз бойынша жүргізіледі. Жоба мүгедектігі бар азаматтар үшін қағазбастылықты азайтып, қызметті үйден шықпай алуға мүмкіндік береді.

БЕКЗАТ ӘШІМОВ, ҚР ЕХӘҚМ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖЕНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Бұл жоба ең алдымен азаматтардың уақытын үнемдеуге, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұрын адам өзі барлық инстанциялардан өтіп, анықтама жинаса қазір көп процестер цифрлы жүйе арқылы жүреді. Бұл әсіресе қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өте маңызды қадам деп есептейміз.