$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Алматы облысында 4 тонна қоқыс шығарылды

02.07.2025ж. 20:30
107
Алматы облысында 4 тонна қоқыс шығарылды

Алматы облысы Талғар ауданында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықты қоршаған ортаға махаббатпен қарауға үйрету. Бүгінгі тазалық жұмысына 50-ден аса адам қатысып, қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер, мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар белсенділік танытты. Нәтижесінде саябақ пен аудандағы орман алқаптарындағы қалдықтар жиналып, сұрыпталды.  Сенбілікте 4 тонна қоқыс шығарылып, 10-нан аса техника жұмылдырылды.

АЙТЖАМАЛ НҰРБАТЫРОВА, ТАЛҒАР АУДАНЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз тек қана мынандай көшелерді ғана тазартып қоймаймыз. Мынандай үлкен өзендердің жағалауын, үлкен көпірлердің астында жиналып қалатын қоқыстарды тазартумен және осы еліміз таза болсын, оның әрбір экологиясы біздің ағзамызға керек деген мақсатта біз жас көшеттерді отырғызамыз.