$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Депутаттар көпсалалы аудандық аурухананың жұмысымен танысты

02.07.2025ж. 20:00
86
Депутаттар көпсалалы аудандық аурухананың жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы көпсалалы аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Медициналық мекеме жаңадан салынған. Тұрғындар бұған дейін кез келген күрделі ем-дом үшін Ақтауға баруға мәжбүр болған. Жаңа нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында  ашылған болатын. Көпсалалы мекеме алты корпустан тұрады. Мұнда қабылдау, босану, балалар және терапиялық бөлімдер, сондай-ақ зертхана мен бірнеше операциялық блок орналасқан.  Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы реформалар да талқыланды. Депутаттар дәрігерлермен ашық диалог жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Маңғыстау облысында 2027 жылға дейін 6 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, 10 мекемеге күрделі жөндеу жүргізіледі. Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдар 100 процент заманауи жабдықпен қамтамасыз етіледі.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қажетті құрылғылар, жабдықтар заманауи қойылған. Ананың жалпы осы жерге келген ауруларға қызмет сапалы болсын, дер кезінде болсын деп. Тіпті зертханасына кірдік, осы жерде көптеген   адамның жаңағы ағзасына қажетті зерттеу жұмыстарын басқа жаққа жібермей, оперативті түрде осы жерде қарады. Тіпті жаңағы приемный покой дейді ғой, адам бірінші келіп түскен кезде ол жерде ренген аппараты, операция жасау, ол жерде барлық ЭКГ-сы бар, кислороды бар барлық жағдайлары қаралған.