$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Қазақ әншісіне 6 айға дейін сахнаға шығуға тыйым салынды

AstanaTV
02.07.2025ж. 21:40
106
Қазақ әншісіне 6 айға дейін сахнаға шығуға тыйым салынды
Фото: instagram.com/zholdasbek_abdikhanov

Әнші Жолдасбек Абдиханов 25 маусым күні болған оқыс оқиғадан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның әкімшісі Әділеттің айтуынша көпқабатты үйдің лифтісі кенеттен тоқтап, қатты сілкініс болуы салдарынан әнші ауыр жарақат алған.

«Бір сәттік соққыдан мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Алғашқы диагноз – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Бұл – жеңіл жарақат емес. Қозғала алмау, бас айналу, сөйлеу қиындықтары бар», - деп жазды әкімші.

Қазір Жолдасбек Абдиханов арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеген.

«Соған байланысты барлық шығармашылық жұмысы уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстар тоқтап қалғаны үшін баршаңыздан кешірім сұраймыз», - деп түйіндеді әкімші.