$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Ертең күн +42°С дейін ысиды

AstanaTV
02.07.2025ж. 23:19
131
Ертең күн +42°С дейін ысиды

Қазгидромет синоптиктері 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы өте жоғары болады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан екпіні жел 18 м/с соғады. Күндізгі уақытта +35 ° C дейін ыстық болады.

Ақмола облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады. 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндізгі уақытта күн +35 ° C дейін ысиды. Көкшетауда — найзағай, бұршақ, дауыл, жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз батыста және солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Петропавлда күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте температура +35 ° C дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыста өрт қаупі өте жоғары. Қостанайда найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында оңтүстікте +40°С дейін ыстық болады. Батыста, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар. Басқа аймақтарда күн +35 ° C дейін ысиды.

Ұлытау облысында оңтүстікте +40°С дейін ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және шығыста өрт қаупі өте жоғары, орталықта жоғары болады. Жезқазғанда +37°С дейін ыстық болады.

Павлодар облысында батыста өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстікте +42°С дейін ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 18 м/с күшейеді.

Абай облысында солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Шығыста жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Оңтүстікте 4-5 шілдеде +42°С дейін ыстық болады.

Алматы облысында батыста, солтүстікте және орталықта күн +42°С дейін ысиды. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Қонаевта +42°С, Алматыда+39°С дейін ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта температура +42°С дейін көтеріледі. Алакөл аймағында жел 20 м/с күшейеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда +43°С, кей жерлерде +45°С дейін ыстық болады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Таразда +40°С дейін ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 3 шілдеде шөлді аймақтарда  +46°С дейін ыстық болады. 4-5 шілдеде батыста және оңтүстікте — +46°С дейін ыстық болады. Шаңды дауыл тұрады. Түркістанда +46°С, Шымкентте +43°С дейін ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында оңтүстік пен шығыста +46°С дейін ыстық болады. Солтүстікте шаңды дауыл, 20 м/с жел соғады. Қызылордада +43°С дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстікте және шығыста күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Оңтүстікте +35 ° C дейін ыстық болады.

Атырау облысында батыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Жел 20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте +38 ° C дейін ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда шаңды дауыл соғады, жел 20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Оралда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 18 м/с күшейеді.