Израиль Газа секторында 2 ай атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп қақтығысты толық тоқтатуға үмітті.
“Менің өкілдерім бүгін Газа мәселесі бойынша израильдіктермен ұзақ және нәтижелі кездесу өткізді. Израиль 60 күндік атысты тоқтату туралы келісімді аяқтау үшін қажетті шарттарға келісті, біз барлық тараппен соғысты тоқтату үшін жұмыс істейміз”, – деді Трамп.