Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археологиялық орталығы Нидерландтың Лейден университеті ғалымдарымен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы маңында орналасқан Төлебайтөбе-2 қорымдары зерттелді.