13 жастағы оқушы бензиннің уытты буынан уланып қайтыс болды. Оқиға Ақмола облысы, Қызылсай ауылында болған. Бала жазғы сарайда ес-түссіз жатқан жерінен табылған. Марқұмның денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алыпты. Осы жағдайға байланысты арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.
АЛИЯ БИЛЯЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Зеренді ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.