Алматыда Алатау ауданында түн жарымында жол апаты болды. Саин даңғылында солтүстік бағытта келе жатқан жеңіл көлік қашықтықты сақтамай, автотұраққа бет алған автобусқа соққан. Салдарынан бір жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ал, автобус тізгіншісі аман. Қоғамдық көлік жүргізушісінің айтуынша, Toyota көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүріпті. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері нөмірді көлік ішінен тауыпты.