$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025ж. 20:00
104
Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды.  Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. Одан бөлек зардап шегуші тарапқа 8 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтеуге міндеттелді.Естеріңізге салайық, сұмдық жайт Майқайың кентінде болған. Өгей әке 15 жастағы қызын жылдар бойы зорлап келіпті. Тіпті, 1-сыныптан бастап зорлық көрсеткен. Бірақ, бала әкесінен қорыққанынан ешкімге ештеңе айтапты. Алайда, қорлыққа шыдай алмаған қыз бар сырын сынып жетекшісіне жайып салған. Тіпті, бұл жайында анасына да айтпаған. Осыдан кейін ұстазы дабыл қағып, құзырлы органдарға хабар берген болатын.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот Ж.-ға 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ Ж.-ға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу түріндегі міндетті қосымша жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.