$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Ақтөбеде бір адам кепілге алып, екі зейнеткерді пышақтап өлтірген күдікті сотталды

03.07.2025ж. 20:00
70
Ақтөбеде бір адам кепілге алып, екі зейнеткерді пышақтап өлтірген күдікті сотталды

Ақтөбеде бір адамды кепілге алып, ерлі-зайыпты зейнеткерлерді айуандықпен өлтірген күдіктінің ісіне бүгін соңғы нүкте қойылды. Сот сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Еске сала кетейік, бұл қайғылы оқиға биыл қаңтар айында болды.  41 жастағы азамат Мәскеу ауданындағы өз танысының  жазғы үйінің терезесін бұзып кіріп, сол жерде әуелі 66 жастағы зейнеткерді 20 жерінен пышақтап өлтірген. Артынша анасын іздеп келген қызын кепілге алып, қол -аяғын байлап тастап дене жарақатын салған.  Оларды іздеп кірген 74 жастағы зейнеткер әкесінде, әуелі  бірнеше жерден балталап өлтірген. Сотталушыға үш бап бойынша айып тағылған. Іс материалдарына жүгінсек, күдікті кепілге алған келіншекпен азаматтық некеде болған, кейін екеуі келіспей қалған көрінеді. Сотта күдікті соңғы сөз алып, жасаған қылмысы үшін өкінетінін айтты. Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 27 млн теңге көлемінде моральдық-материалдық залал өндірілді.

ЖӘНІБЕК СЕЙТЖАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 107 бабы 1 бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК 126 бабы 2 бөлігімен 3,4 тармақтарымен 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК 99 бабының 2 бөлігінің 1,3,5 тармақтарымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚК 58 бабы 4 бөлігіне сәйкес Басановқа қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.