Ақтөбенің «Бауырластар 1» ауылы тұрғындары он жылға жуық жол азабын тартып отыр. Ауылда көктем, күз келсе тұрғындар балшыққа батады, ал қыста қатынас тіпті қиындайды. Оның үстіне биыл ауылда жаңа жол салынып, асфальт төселе бастаған. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке ұзамай, су сепкендей басылған. Өйткені жол салу мәселесі тағы тоқтап қалған көрінеді. Тілшіміздің Бақыт Қазанғапқызының материалы.
Бұл «Бауырластар-1» ауылы. Мұнда қазір екі мыңнан астам халық тұрады. Көп жылдан бері халық ауылға асфальт жол төселуін сұрап келеді. Биыл көктемде ауылда жол салынып бастаған. Бірақ халықтың қуанышы ұзаққа бармапты.
НҰРТАЙ ИБРАИМОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Биыл апрельде жұмысты бастап кетті. Керемет техника келді. Адамадар таң атысы кү батысы жұмыс істеді. Ол жұмыс не болды. Көшелерді қазу болды. Қазды до конца сайға дейін қазді. Итогы қазір жұмыс тоқтап қалды. Ал кейбір көшеге төселген пгс, шебень төсеп төсеп, кейін оларды қайта қазіп алып кетті.
БАТЫРБЕК КӨШЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Каждый көшеде 30-40 см қаып тастады. Бұл деген как западная Белоруссия сияқты қазір. Болотада тұрып жатырмыз біздер. Мен кеше кішкентай қызымды нанға жұмсап жібердім. Ол су етігі қаоып қойған. Үсті басы балшық болып, жылап келіп тұр.
Қазір ауыл іші осылай астан- кестен болып жатыр. Тұрғындар ауылда жол салына басталғалы қатынастың қиындап кеткенін айтып отыр.
ГҮЛБАХРАМ ТӨЛЕШОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Біздің жақта бірақ көшелер қалды. Қазіп қазып кетті. Шебень төсеп, топырағын үйіп үйіп кетті. Үстіне балдар шығып ойнап жатыр шаң шаң болып. Мектеп басталады. Жаңбыр болса балшық. Қазір кей адамдар үйлеріне жете алмай машиналарын жолға қойып кетеді. Жалаң аяқ келеді. Жасыратыны жоқ. Балдар балшық болып жатыр екі бастан бастаған затты аяғына дейін бітірмей тұр.
Бұл Бауырластар ауылында биыл 27 көшеге асфальт төселу керек. Жоба бойынша бұл мақсатқа қазынадан 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуі тиіс. Бірақ мердігер мекеме өкілі жоба бойынша қарастырылған қаражат уақытылы бөлінбей жатыр деп отыр.
АРМАН ЖИЕНАЛИЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Енді қазіргі таңда бізде 12 көше жасалды. Біздер биылғы 495 млн бөлінген ақшаның тек авансын ғана алдық. Содан кейін 200 миллион үстінде жабылған формамыз бар. Жаңағы жкх өкілдері. Біреуі сапасын біреуі проектіні қарайтын солармен қол қойылған. Енді белгісіз жағдайға байланысты қаражат алынған жоқ.
Әкімдіктегілер мердігер мекеменің жұмысында олқылықтар болғанын жеткізді. Олардың айтуынша, мердігер кестеге сәйкес жұмыс жүргізіп, құрылыс материалдарының сапасын нақтылайтын тиісті құжаттарын тапсырмаған көрінеді.
АРСЕН МЫРЗАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
500 миллионов бюджет на этот год выделили по Бауырластар-1.... Бауырластар -1 бойынша қазынадан 500 миллион теңге қаражат бөлінді. Ал қалған қаражаттың төленбеуі мәселесіне келетін болсақ. Мердігер мекеменің атқарылған жұмыстар бойынша техникалық құжаттары дұрыс жасалмаған. Мердігер одан хабардар. Бұл құжаттар дұрыс болмай біз қаражат бөле алмаймыз.
Әкімдіктегілер бұл жоба бойынша қаражат атқарылған жұмысқа сәйкес кезең-кезеңмен бөлінетінін айтып отыр. Жоба үш жылға жоспарланған.