$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Мәжілісмен Руслан Қожасбаев Жетісу халқының мұң-мұқтажын тыңдады

Мәжілісмен Руслан Қожасбаев Жетісу халқының мұң-мұқтажын тыңдады

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев жетісулықтарды қабылдады. Тұрғындар өңірдегі кейбір мектептердің техникалық жағдайы сын көтермейтінін айтты. Сондай-ақ өзен арнасын тазалау, мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыруға қатысты мәселелер көтерді. Қоғамдық қабылдауда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмады. Жедел жәрдем қызметкерлері мен жүргізушілерінің жалақысын көтеру мәселесі қозғалды.

САЯТ МЫРЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

Көтерілген мәселе жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы туралы және жүргізушілердің жалақысы. 8 сменде 220 мың. Мен алдында да мінберде сөйлегенмін, барлық фельдшерлердің атынан, өйткені олардың жұмысын білемін, өзім жұмыс істеп жүрмін. Жұмысы оңай емес, қиын. Неше түрлі жағдайлар болады.