$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Депутаттар аграрлық сала өкілдерімен кездесті

Депутаттар аграрлық сала өкілдерімен кездесті

Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық салаға айналуы тиіс. Ол үшін кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіледі. Бүгін Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген "AMANAT" фракциясының мүшелері аграрлық сала өкілдерімен кездесуде осылай деді. Олар алдымен Сайрам ауданындағы банан өсіретін жылыжай кешенінде болды. Жалпы алаңы 5,3 гектар аумақты алып жатқан кешен ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып тропикалық өнімді жерсіндірген. Мұнда жылына 1 мың тонна өнім алынып, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Дәл қазір 30 адамды  жұмыспен қамтыған. Шаруашылық иесі бананды бақтың алқабын ұлғайтып, қызанақ, қияр және құлпынай өсіруді де қолға алуда. Мәжіліс депутаттары сондай-ақ, Сарыарық елдімекеніндегі серіктестіктің балық өсіру жобасымен де танысты. Бұл кәсіпорын шабақ өсіріп, тауарлы балық өндіру ісін жолға қойған. 259 гектар жерде тоғандар салып, аталық-аналық балық түрлерін өсіріп жатқан кәсіпорын жылына 721,6 тонна өнім алып, ішкі нарықты сапалы балықпен қамтып отыр. Жоба құны 750 млн. теңгені құрайды. Депутаттар шаруашылық иелері мен жұмысшылардың мәселесін тыңдап, қабылданған заңдарды да түсіндірді.

ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мақсатымыз – Президенттің сайлауалды бағдарламасында берген уәдесі, «AMANAT» партиясының берген уәдесі, соның бәрінің орындалуын қадағалау. Соның бәрін халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, халықтың ойынан шығу. Бүкіл Қазақстанымыздың әлеуметтік-экономикалық саласы жақсарып, әрбір халықтың жағдайы жақсы болуы керек. Біз соған жұмыс жасап жатырмыз.