$519.57 €612.78 ₽6.61
×

БҚО-да небары 34 жағажай талапқа сай

03.07.2025ж. 20:00
73
БҚО-да небары 34 жағажай талапқа сай

Батыс Қазақстан облысында небары 34 жағажай талапқа сай. Бірақ мұны ескермегендер ұнаған жерде суға шомылып жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметі мұның қауіпті екенін айтады. Өйткені былтырғы су тасқынынан кейін өңірдегі өзендердің түбі су ағызып әкеткен ағаш сынығы мен түрлі темір-терсекке толы. Сондықтан шомыларда мұқият болған жөн. Әрі балалардың жазғы оқу демалысы болғандықтан, ата-аналарға ескерту жасалып, қауіптің алдын алу жұмыстары күшейтілген. Ал ескертуді ескермегендерге айыппұл салыныпты. Бүгінде аймақтағы жабайы жағажайдың жалпы саны жүзден асады. Ал оның бәрін бақылау мүмкін емес, сондықтан сақтықты ұмытпаған жөн, дейді құтқарушылар.

РУСЛАН ШАРИЕВ, БҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Күн әлі қатты ысыған жоқ. Бірақ соған қарамастан, жыл басынан бері екі оқиға тіркелді. 10-14 жас аралығындағы балалар ата-анасыз жүреді. Ата-аналарын шақырайық десек, олар уже біледі ата-аналарына айыппұл салынатынын. Бізді көргеннен кейін сразу қаша бастайды, тығыла бастайды. Уже басқа әрекеттерге жүгінеді. Өткен жылы 6 айыппұл болса, қазіргі таңда біз жеке тұлғаларға 38 айыппұл, заңды тұлғаларға - ауылдық округ әкімдеріне, меншік иелеріне 10 айыппұл салдық.