Қазақстан мен Қытай «Жасыл энергетика» бойынша ынтымақтастықты арттырып келеді. Премьер-Министр Олжас Бектенов Аспан асты елінің осы саладағы жетекші компаниясының басшысымен кездесті. Дай Даого көміртек бейтараптығы және қалдықтармен жұмыс істеу бойынша инвестициялар салуға қызығушылық білдірді. Үкімет басшысы ауқымды жобаларды қолға алуға құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз шетелдік озық компаниялармен ынтымақтастыққа да ашық екенінтілге тиек етті.