$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Атырауда Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар басталып кетті

03.07.2025ж. 20:00
91
Атырауда Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар басталып кетті

Атырауда Конституциясының 30 жылдығына арналған шаралар басталып кетті. Аймақта «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында 54 тармақтан тұратын шара бекітілген. Жоспар аясы кең: конституциялық құқықты дәріптеу бағытында барлық білім беру ұйымдарында құқықтық сабақтар, дәрістер, байқаулар, тренингтер, көшпелі кездесулер, интелектуалды ойындар, бұқаралық спорттық шаралар, ұлттық ойындар, кітап көрмелері  өтеді. Қазірдің өзінде Конституцияның 30 жылдығына арнайы дайындалған эскиздер лэд экрандарда көрсетіліп жатыр.

ГҮЛБАРШЫН ЕРСАЙЫНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сонымен қатар жастар арасында интелектуалдық ойындар, куиздар,бейнероликтерден конкурстар бар. Тағы басқа да жастар арасында ойындар ретінде өткізілетін шаралар жоспарланған. Бұл шаралардың барлығы  жазғы мезгілде өткізу көзделуде. Құқықтық кеңес беру орталығымен қалалық, аудандық, ауылдық елді-мекендерде тұрғындармен консултациялық кеңестер өткізу. Кеңес беру бағытында заңгерлерді, Әділет департаменті, Полиция департаменті мамандарымен бірлескен консультациялық кеңестер өтіп жатыр. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады.