Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шаханов оқырмандар клубының лентасын қиды. Қоғам қайраткері оқушылардың өнерін тамашалап, ақ батасын берді. Елордадағы №93 мектепте салтанатты түрде ашылған «Төрт ана» оқырмандар клубы заман талабына сай жабдықталған. Оған оқушылармен қатар ата-аналар да мүше болады. Олар таңдаған кітаптарын оқып ғана қоймай, бірге талқылайды. Мақсат – отбасы құндылықтарын насихаттап, «мектеп–оқушы–ата-ана» қарым-қатынасын жандандыру.
БЕКСҰЛТАН БАСЫҚАРА, №93 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Біздің мектептің оқырмандар клубының ерекшелігі біз барлығын қамтып отырмыз. Бұл жерде мектеп, оқушы ата-ана қарым-қатынасын негіздеп алып отырмыз. Өйткені бұл жерде оқушылар қазіргі трендтер бар, қазіргі жаңа буын бар. Олардың көңілін табу, олармен тіл табысу деген мәселелер үшін біз ата-аналарды да, ұстаздарды да, оқушыларды да бір алаңға жинап, бірге кітап оқытқымыз келіп отыр.