Алматыда Түрксіб ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Экологиялық науқан Желтоқсан саябағында жалғасын тапты. Акцияға аудан тұрғындары, «AMANAT» партиясының өкілдері мен еріктілер қатысып, демалыс орнын қажетсіз қалдықтардан тазартты. Арамшөптер жұлынып, шаң-тозаңды басу үшін су себілді. Жергілікті тұрғындар мұндай игі бастамаға қуана атсалысып, саябақ аумағының таза болуына үлес қосты.
ДИДАР ЕРМЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ БПҰ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл саябақ бостан-босқа таңдалынып алынған жоқ. Түркісіб ауданындағы ең үлкен саябақтарының бірі. Осы аудан тұрғындары осы жерде кешкілік, таңғы кездерде өздері отбасыларымен серуендеп, осы жерде көп уақыттарын өткізеді. Қоқыстарды тастамауды дәріптеу мақсатында осы саябақ таңдалынып алынды.
Экологиялық акция елордада да жалғасын табуда. Акция бұл жолы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аумағында өтті. Алаңды тазалауға 40-тан астам адам күш біріктірді. Аптап ыстыққа қарамастан белсенділер айналаны тап-таза етіп жинап шықты. Медициналық орталық қызметкерлерінің сөзінше, олар мұндай сенбілікті жиі ұйымдастырады. «Өйткені, бұл туған жерге деген қамқорлық қана емес, ұжымдық еңбек» - дейді олар.
АСХАТ САПАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҰШМҮО ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"AMANAT" партиясының мүшелері бүгін осы іс-шараға қатысуға шығып жатыр. Айналамызды, осы мекемеміздің айналасын осылай тазалап және әрлендіріп, осы мына табиғатымызға, экологиямызға дұрыс көз қараспен қарасын деп. Әрі әріптестеріміздің арасында экологияға, табиғатқа деген жақсы сенім қалыптастырайық деген оймен жасалынып жатқан іс-шара.