$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Атырауда 50 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Атырауда 50 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Экологиялық мәдениетті отбасылық құндылықтармен ұштастыру. Атырауда «Таза Қазақстан» - отбасылық құндылықтарды нығайту жолы» экологиялық қауіпсіздік пен отбасылық әл-ауқаты тақырбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға өңірдің дамуына белсенді үлес қосып, бүгінде зейнеттің демалыста болса да, өмірлік тәжірибесін өскелең жасқа үйретіп жүрген аға буын өкілдері қатысты. Олардың айтуынша, жалпы ұлттық экологиялық акциясы тек айналаны таза ұстау ғана емес,  ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың да тиімді құралы. Мәселен, сенбілікке бірге шығу, бірге отбасылық ағаш отырғызу,- қоғамдағы жауапкершілікті бойға дарытады,- дейді жиналғандар.  Айта кетейік, шаһарда жыл басынан бері алты рет ірі сенбілік өтіп, 50 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

НҰРЖАН ЕРМҰХАНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қаламызды күтіп ұстауға ертеңгі күні өзінің отбасынан ауласынан, шабағынан бастап жинастырып, үйінің таза ұстауы, баласының санасының таза болуы  өте маңызды. Сол себепті де біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз.