2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің парақшасында жазба жариялады.
Анықтама үшін: Қатысушылардың жас ерекшелігіне тоқталсақ, ең белсенділер — 11–14 жастағы оқушылар, олардың үлесі 59%-ды құрайды. 15–17 жастағы жасөспірімдердің үлесі — 26%, ал 7–10 жас аралығындағы балалар — 15%. Хат жолдағандардың 56%-ы — қыздар, 44%-ы — ұлдар.