Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына сапары аясында облыстық әлеуметтік оңалту орталығында болды. Мұнда 18 жастан асқан мүгедектігі бар және өздігінен қозғала алмайтын жандарға қолайлы жағдай жасалған.
Сапар барысында Сенат депутаттары Байзақ ауданындағы «Мейірім» балабақшасына да барды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған бұл нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда балабақшаға ауылдағы 125 бала барады. Мұндай әлеуметтік жобалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жұмыспен қамтуға жол ашады.
Сенаторлар «JS GLASS» шыны зауытының және ауыл шаруашылығына арналған фторсыздандырылған фосфат өндіретін «Минералды тыңайтқыштар» кәсіпорнының ұжымдарымен де кездесті.