$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Ұялы байланыс операторлары мен прокурорлар Жетісу азаматтарына интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті

AstanaTV
04.07.2025ж. 07:27
145
Ұялы байланыс операторлары мен прокурорлар Жетісу азаматтарына интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті

«Altel/Tele2» ұялы байланыс операторымен жасалған меморандум аясында облыс прокуратурасы абоненттерге интернет-алаяқтық жағдайлары туралы ескертумен профилактикалық SMS-тарату жүргізді.
Тарату облыстың барлық аумағынқамтыды, 295 мыңнан астам азамат сақтық шараларын қолдану туралы хабарлама алды.
Ұялы байланыс операторларымен бірлесіп жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.