Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы тағайындау әдісі өзгереді

AstanaTV
20.07.2017ж. 20:00
3069
Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы тағайындау әдісі өзгереді

Мемлекеттік қызметкерге жалақы төлеу әдісі өзгереді. Келесі жылдан бастап шенеуніктің лауазымына емес, жұмыс нәтижесіне қарай жалақы беріледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова мәлімдеді.

1,5 жылдан бері мемлекеттік қызметте реформа жүріп жатыр. Ол таныс-тамырлықтан ада, қызметте өз күшімен өсуге жол ашуды көздейді. Бір сөзбен айтқанда, меритократия. Шаимованың сөзіне сенсек, соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлер саны үш есеге артқан. Бұған іріктеудің ашық түрде өте бастауы себеп дейді.

Айтпақшы, қызметке тұру үшін әңгімелесуга қатысатын үміткер аудио және бейне жазба жасауға құқылы. Бұл әділ шешім шығаруға кепіл болмақ. Жалақы тағайындаудың жаңа жүйесі келесі жылы Алматы облысы Әділет министрлігі және агенттіктің өзінде жүзеге аса бастайды.