$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Мәжіліс пен Ресей Мемлекеттік Думасы аппараттары өзара тәжірибе алмасты

AstanaTV
04.07.2025ж. 19:32
69
Мәжіліс пен Ресей Мемлекеттік Думасы аппараттары өзара тәжірибе алмасты

Мәжіліс Аппараты делегациясы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасында болып, Аппарат басшысы Игорь Дивейкинмен кездесті. Тараптар аппаратдеңгейінде парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.
Кездесулер былтыр Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин арасында парламентаралық, оның ішінде палаталар аппараттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім аясында өтті.
Қазақстандық делегацияны Мәжіліс Аппаратының басшысы Ренат Айтаев бастап барды. Оның құрамына бөлім меңгерушілері мен секторлар басшылары, сондай-ақ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшылығы кірді.
Ренат Айтаев ресейлік әріптестеріне Мәжіліс Аппаратының заңнамалық қызмет, сараптамалық-талдамалық қамтамасыз ету, электрондыПарламент бірыңғай цифрлық платформасын енгізу, БАҚ-пен жұмыс, азаматтармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас және басқа да бағыттар бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді.
Өз кезегінде Игорь Дивейкин қазақстандық делегацияны Мемлекеттік Дума кеңсесі жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды. Заң шығару үдерісіне, депутаттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, парламенттік бақылауды жүзеге асыруға, комитеттер мен парламенттік фракциялардың байланысына, кадрларды оқытуға, сарапшылар қауымдастығымен және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ парламенттік кітапхана қызметінің ерекшеліктерімен, азаматтарды қабылдау және БАҚ-пен ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен бөлісіп, «Дума-ТВ» бөлімшесінің жұмысына тоқталды.