$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Атырауда екі жасөспірім араға бір күн салып өзіне-өзі қол жұмсаған

04.07.2025ж. 20:00
65
Атырауда екі жасөспірім араға бір күн салып өзіне-өзі қол жұмсаған

Атырауда сұмдық оқиға орын алды.  Екі жасөспірім араға бір күн салып өзіне-өзі қол жұмсаған. Ақпаратты полицейлер  растады. Отбасын зар жылатып қана қоймай,  тұтас қаланы дүрліктірген оқиға қала маңындағы Геолог ауылында болған. Кейбір мәлімет бойынша, алдымен 16 жастағы ұл баланың денесі өз үйінің сарайынан табылған. Ал келесі күні 15 жастағы қыз бала садақа болып жатқан кезде жігіттің бөлмесінде суицид жасаған. Екеуі бір мектепте оқыған, бір-бірімен таныс, дос  болған. Полиция араларында не болғанын әзірге ашып айтқан жоқ. Оқиға бойынша тергеуді бастап кеткен.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау қаласындағы 2009-2010 жылы туылған екі жасөспірімнің  өз-өзіне қол жұмсау дерегіне  қатысты қазіргі таңда  қылмыстық іс тіркеліп, кешенді  тергеу амалдары жүргізілуде.  Сондай-ақ жасөспірімдер  араласқан ортасы толыққанды зерделеніп,  жауаптар алынуда.