Түркістан облысында жүкті әйел Сайрам су өзенінге құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 5 құтқарушысы мен 2 техника көмекке жұмылдырылды. 27 жастағы келіншектің денесін судан орманшылар мен туыстары алып шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, марқұм табиғатқа туыстарымен отбасылық демалысқа барған. Алайда, оның ағысы қатты өзенге қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 39 адам әртүрлі жағдайда суға кеткен.