$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ақтөбеде бүйрегін сатпақшы болған айыпталушы сот залынан бостандыққа шықты

04.07.2025ж. 20:00
47
Ақтөбеде бүйрегін сатпақшы болған айыпталушы сот залынан бостандыққа шықты

Ақтөбеде өз бүйрегін 15 миллион теңгеге сатпақ болған жігітке қатысты сот үкімі шықты. Бүгін күдікті толық ақталып, сот залынан бостандыққа шықты. Еске сала кетейік, бұл оқиға үстіміздегі жылдың сәуір айында болды. Қарағандылық тұрғын қарызынан құтылу мақсатында әлеуметтік  желіде өз бүйрегін 20 миллион теңгеге бағалап, сату үшін хабарландыру жариялаған. Артынша онымен Ақтөбе қаласының тұрғыны 15 миллион теңгеге сатып алатын болып келіскен. Сатып алушының шақыртуымен Ақтөбе қаласына келіп, ақшаны алу барысында ол полицияға ұсталған. Бүгін күдіктіге Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасалып, ол толық ақталып, сот залынан бостандыққа шықты.

АЯН КУСАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР ҚК 24 бабы үшінші бөлігімен 116 бабы 1 бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Ахтаев Данияр Қайратұлы ҚК 78 бабы 2 бөлігімен ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 25 жылғы 23 маусымдағы заңының 2 бабы 1 тармағымен 2 тармақшасы негізінде рақымшылық жасау туралы актісіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан бостылсын.