$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Астанада тағы бір автобус жол апатына ұшырады

04.07.2025ж. 20:00
71
Астанада тағы бір автобус жол апатына ұшырады

Астанада қоғамдық көлік қатысуымен тағы да жол апаты тіркелді. Автобус жүргізушісі, бұрылыс кезінде жеңіл автокөлікке жол бермеген. Салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар қорқып қалған. Полиция қызметкерлері іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Қоғамдық көлікке қатысты кезекті жол апаты. Қосшығұлұлы мен Серкебаев көшелерінің қиылысында маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Бұл - жыл басынан бері тіркелген бірінші жағдай емес. Мұндай апаттар жиілеп кетті. неге? Қате кімнен? Жүргізушіден бе, жүйеден бе?

Куәгердің айтуынша, автобуста шамамен 20 жолаушы болған. Қатты соқтығыстан кейін адамдар үрейленіп, бірден сыртқа шыққан

Жедел жәрдем бригадасы апат орнына дер кезінде жеткен. Зардап шеккендер қазір ауханада.

АЙГЕРІМ АРДАҚ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қосшығұлұлы көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем желісі арқылы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі №3 көпсалалы ауруханаға, ал бір жолаушы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді. Барлық зардап шеккендер жеңіл дәрежедегі әртүрлі дене жарақаттарын алған, жағдайлары тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік жыл басынан бері еліміз бойынша 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 196 жағдай жолаушы мінетін автобус қатысумен болды. Өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан.