Трамптың кезекті рет Путиннен көңілі қалды. Қос Президент бүгін телефон арқылы сөйлесті. Бірақ, Ақ үй басшысы кезекті рет журналистерге: «Путиннен көңілім қалды», - деп жауап берді. Сонымен қатар, тағы бір сынға Трамп жауап берді. АҚШ Президенті Украинаға қару беруді тоқтатты деген сынды жоққа шығарды. Айтуынша, ешқашан көмекті тоқтатпайды. Ең қызығы, Трамп Ақ үйдің төрінде UFC турнирін өткіземін, - деп жар салды. Бұл жұмысты толықтай ұйым басшысы Дана Уайтқа тапсырмақ. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесуден шаршамайды. Оның үстіне, әр сөйлескен сайын: «Көңілім қалды», - дейтіні де әдетке айналды. АҚШ Президентінің айтуынша, Украинадағы соғысты тоқтатуға деген пиғылды Ресей Президентінен мүлдем байқамады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен Президент Путинмен телефон арқылы сөйлестім. Бұл әңгімеден кейін көңілім құлазып кетті. Ол Украинадағы соғысты тоқтатуға еш ишара білдірмеді. Адам өлімін тоқтататын ойы жоқ. Путин менің жүрегімді жаралады.
Трапм бүкіл әлемнің сынына жауап берді. АҚШ Президенті: «Украинаға қару беруді тоқтаттың», - деген хабарды жоққа шығарды. Ақ үй басшысының айтуынша, алдыңғы Президент Байден бүкіл қару-жарақ пен оқ-дәрі қорын тауысқан.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз Украинаға өте көп қару-жарақ беріп келеміз. Біз әркез тығыз байланыстамыз. Көмек беруден ешқашан бас тартпаймыз. Дегенмен, ең алдымен өзіміздің қорды толықтыруымыз керек. Украинаға көмектесеміз, деп өзімізді қиын жағдайға қалдыра алмаймыз.
Трамп Ақ үйді UFC алаңына айналдырмақ. АҚШ Президенті әлемнің үздік файтерлеріне сегізбұрышты торда тура өз резиденциясының ішінде жайғастырмақ. Бұны Трамп, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арнайтынын мәлімдеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұрын-соңды бұндайды ешкім жасамаған. Тура Ақ үйдің алдында 25 мың ұонақты шақырып, турнир өткіземіз. Дана Уайт тікелей өзі айналысады. 250 жылдыққа арналған салтанатты шаралардың ең үздігі осы сайыс болады. Бұған кепілдік беремін.
Айта кетейік, ұйым басшысы – Дана Уайт Трамптың сайлауалды бағдарламасына қолдау көрсеткен еді.