Жыл басынан бері Ақтауда екі адам суға батып кетті. Тілсіз жаудан 7-уі құтқарылды. Бұл статистикамен қалалық төтенше жағдайлар департаменті бөлісті. Судағы қайғылы оқиғаларды азайту мақсатында "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" Жастар Қанатының мүшелері, құтқарушылар, полиция және прокуратура қызметкерлері судағы қауіпсіздік рейдін өткізді. Олар халықты шомылу ережелерін сақтауға және тыйым салынған жерлерден аулақ болуға шақырды.
АБЗАЛ МАРАТ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстарды жүргізудеміз. Бізбен бірге құзырлы органдар, департамент қызметкерлері, Көлік инспекциясы баршасы қатысуда. Негізгі шара тұрғындардың қауіпсіздігі. Біздің негізгі мақсат – оқыс оқиғалардың алдын алу. Бұл шара "AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде су көлігіне қатысты, туристік нысандарға шомылу аймақтарына қатысты жұмыстар өз жалғасын табуда.
БАУЫРЖАН ОҢҒАРБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Суға түсуге тыйым салынған жерлерде бізде 33 дерек тіркелді, заңбұзушылық анықталды. Сонымен қатар Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын теңізде қыдыртатын теңіз қайықтары, оларда да заң бұзушылақтар анықталды. Оларға да әкімшілік шаралар қолданылды.