$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды

04.07.2025ж. 20:00
54
Ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды

Мәжіліс депутаты Абай облысының тұрғындарымен кездесті. Халық жайылым тапшылығы, ауызсу, интернет және медицина қызметіне қатысты түйткілдерді көтерді. Депутат соңғы үш жылда «Жер аманаты» жобасы арқылы 12 миллион гектар жайылым жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын, оның 550 мың гектары Абай облысына тиесілі екенін айтты. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2 жарым процентпен шағын несие беру жалғасып жатыр. Қазір облыста 350 адам осы мүмкіндікті пайдаланып, өз кәсібін бастаған. Ал қарыз жүктемесі жоғары азаматтарға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы тегін қаржылық кеңес береді.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заңдарға тиісті ұсыныстар енгізіледі. Бірінші ол Республикалық бюджет туралы заң жобасы талқылаған кезде осы облысқа қажетті қаражатты біз бөлуді ұсынамыз және оны талап етеміз. Өйткені облыста көптеген шешімін таппай жатқан мәселелер бар.