Қызылжарда мемлекет есебіне қайтарылған активтердің қаражатына жаңадан балабақша салынуда. Жоба құны 1.9 миллиард теңге. Тәрбие ошағы 280 балақайға шақталған. Құрылыс барысымен Парламент мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода және сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина танысты. Аймаққа жұмыс сапарымен келген халық қалаулылары жұмыстың қарқынына оң баға берді. Мәселен, құрылысы бірер ай бұрын басталған нысан бүгінде шамамен жартылай дайын тұр. Бас мердігер балабақшаны қыс мезгіліне дейін тапсыруға ниетті.
ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бізге де депутаттарға, Аманат арқылы көп шағынданған халықтар осы балабақшаның тапшылығы, мектепті сұрады. Мектеп былтыр салынды. Биыл осы 280 орындық балабақша басталып жатыр. Жоспар бойынша желтоқсан айында аяқталуға тиіс.