$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қарағандыда балалар лагерінде «Домбыра party» өтті

04.07.2025ж. 20:00
90
Қарағандыда балалар лагерінде «Домбыра party» өтті

Қарағанды облысындағы «Салют» балаларды сауықтыру лагерінде «Домбыра party» өтті. Күй мерекесін «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалы Ұлттық Домбыра күніне орай арнайы ұйымдастырған.

«Домбыра party» Бұқар жырау ауданына қарасты Қаражар ауылындағы лагерде демалып жатқан жеткіншектерге тосын сый болды. Бүгін оларға музыкалық мектеп оқушылары мен Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің әртістері арнайы келіп күйлер орындады. Ұлттық рухтағы ерекше атмосфера қалыптасты. Мерекелік шараның мақсаты да мәдени дәстүрге деген құрметті қалыптастыру болып табылады. «Салют» лагеріне қоғамның осал топтарына жататын отбасылардың балалары жіберіледі. Жаз бойы мұнда 2 мыңдай оқушы екі апта бойы демалып қайтады.

РАХАТ-ӘЛИ СЛАМБЕК, ДОМБЫРАШЫ:

Домбыра дегеніміз, ол- өте киелі. Ата- бабаларымыздан келе жатқан аспап. Бұның үнінің өзі сиқырлы, құдыретті аспап болғандықтан әрбір қазақ домбыраны құрметтеу керек деп ойлаймын. Мұндай шаралардың қажеттілігі жастарға домбыраның киелілігін және қазақтың осы салт- дәстүрін түсіндіру деп ойлаймын.

ГҮЛМИРА ӘМІРОВА, «САЛЮТ» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен Ұлттық домбыра күніне арналған ұлттық «Домбыра party» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда. Домбыраны жақсы ойнайтын балалар енді өздерінің өнерін тамашалауға бірден келісіп осы концерттік бағдарламаны көтеруге бірден ат салысуда.