$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Астана күнінде 120-дан астам шара өтеді

04.07.2025ж. 20:00
135
Астана күнінде 120-дан астам шара өтеді

Жексенбіде - Астана күнін атап өтеміз. Бас шаһар - аз уақыт ішінде тек Орта Азияға ғана емес, бүкіл әлемге танылып, мәдениет пен инновацияның, білім мен толеранттылықтың ордасына айналды. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналды. Сәулеті көз сүйсіндіретін шаһардың даму диномикасын Назерке Алтынбек таразылады.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бас қаланың мерекесін ел болып тойлаймыз. Бұл тек өңір-өңірде аталып өтілетін дәстүрлі мейрам. Сондықтан, сүйікті қаламызға тарту етілген нысандар да аз емес. Жетісу саябағы, Протон зымыранының макеті, ботаникалық бақ, «Нұр Астана» мешіті, және менің артымдағы Атырау көпірі.

Бүгінде бұл нысандар тек сәулет өнерінің үлгісі ғана емес, қала тарихының бір бөлшегіне айналған. Сұлу шаһарымыздың ажарын аша түскендей.

Расымен, Астана – барша жұрттың жүрек түкпіріндегі арман қала. Әлем елдері көшбасшылары елімізге келгенде алдымен Астана қала­сын көреді. Сол арқылы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын бағам­дайды. Бұрынғы аядай қаланың алып шаһарға айналу кезеңі, көрікті көшелердің кеңейіп, еңсе тіктеген ғимараттардың жаңа тынысы ашылған шағы  бүгінде уақытпен үндесіп дамып  жатыр.

ЛӘЙЛІМ ХАЙРЕТДИНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Астанада Әдемі жерлер өте көп, Астанада 15 жылдан артық өмір сүріп келемін.Өте қатты жақсы көремін. Жылдан жылға көркейіп, әсемдеп бара жатыр.

САНДУҒАШ МҰСАТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен елордада 3 жылдан астам уақыт тұрып келемін. Астананың саябақтары ерекше ұнайды. Бұл қалада армандарым орындалып келеді. Астана – нағыз жетістікке жететін шаһар. Әр демалысымда елорданың көрікті, ерекше орындарын аралауға тырысамын. Қала жасыл желекке оранып, күннен күнге көркейіп келеді. Шын мәнінде өте әдемі жер.

Даму диномикасы тоқтамайды. Жаңа ғимараттар үздіксіз салынуда. Аббаттандыру, демалыс орындарын көбейту жоспардан қалған емес.

БАХТИЯР БЕКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ УРБАНИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл Астанада абаттандыру бойынша кеңейтілген бағдарлама жоспарланған. Қала бойынша әртүрлі аумақтарда шамамен 180 нысан қамтылатын болады. Оның 30-ы – қоғамдық кеңістіктер, ал 150-і – аулалық кеңістіктер. Сонымен қатар, тұрғын массивтері де назарда. Біз оларды үнемі бақылауда ұстаймыз. Тұрғындармен тікелей сөйлесеміз, аудандық әкімдіктер де барлық қажеттіліктер мен сұранысты жақсы біледі.

Астана күніне орай елордада жыл сайын жүзден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі форматтағы концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен мәдени бағдарламалар әзірленген.

ЖАҢАБАЙ МЕЙІРМАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Астана күнін мерекелеу аясында 3 бағыт бойынша 120-дан астам іс-шараны қамтитын қалалық іс-шаралап жоспары бекітілді. Оның ішінде 30 ауқымды жоба жоспарланған. Әлеуметтік шаралар, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралардан тұрады. Қала күнін мерекелеу маусым айынан бастауа алып 8-шілдеген дейін жалғасады. Мысалы бірінші маусымнан бастап, әр сенбі-жексенбі күндері қала саябақтарында балаларға арналған «Отбасы тайм» жобасы өтуде.

Дәстүрге сай биыл да мекере кең көлемде аталып өтілмек.

6 шілде: Ұлттық домбыра күніне арналған шаралар және амфитеатр сахнасында – мерекелік концерттік бағдарлама болса, «Астана-Аренада» отандық жұлдыздар қатысатын Open Air концерті өтпек. Ал спорт сүйер қауымға «Елорда кубогы» бәйгесі мен «Толағай» ұлттық спорт сайысы ұйымдастырылса, бишілеріміз үшін заманауи «Елорда батлы» болады. 7 Шілде: «Алтын домбыра» мектебінің 400 оқушысы қатысатын концерт. Ал 8-і «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.

Астана – бейбіт өмірдің, ел бірлігінің, болашақтың символы. Ал сүйікті қаламыздың болашақтағы жоспары туралы ертең кешкі 20.00-де «Сараптаймс» бағдарламасында  сараптаймыз.