Астанада қуықасты безі обырын диагностикалайтын бірегей технология іске қосылды. Препаратты Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері жасап шығарды. Жаңа препарат елімізде алғаш рет клиникалық тәжірибеге ресми түрде енгізілді. Ол қуықасты безінің алғашқы және қайталама обырын және оның метастаздарын жоғары дәлдікпен анықтайды. Инновациялық дәрі сырқатқа күдік туындаған және диагнозы расталған пациенттерге аурудың сатысы мен таралу ауқымын бағалау үшін ұсынылады. Жаңа әдіс қатерлі ісікті ерте сатысында анықтауға, емді жекелей таңдап, науқастардың оң нәтижеге қол жеткізу үмітін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚУАТҚАН ЖАБАГИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МОА ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:
Ер адамдардың қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалайтын әдіс-тәсіл болып табылады. Галий PSMA-ның фтор PSMA-нан айырмашылығы неде? Галийді біз шетелден алдыртып отыратынбыз. Бұл гель генераторын ептейді. Ал фтор PSMA біз өзіміздің циклодрондық кешенде өзіміз өндіреміз. Шетелден сатып алудан арыламыз. Яғни, барлық қаражат өзіміздің елде қалады.
Бұл препарат Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік жоғары технологиялық кешенді базасында шығарыла бастаған жетінші радиофармацевтикалық өнім. Мамандардың айтуынша, медицинаға 18F-PSMA технологиясын енгізу – отандық онкоурология мен ядролық медицина саласы үшін үлкен ілгерілеу.
БАУЫРЖАН АБЫШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МОА ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЦИКЛОТРОНДЫ ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Президент Әкімшілігінің Медициналық орталығы жыл сайын бірден үшке дейін радиофармацевтикалық препарат енгізеді. Бұл препараттар негізінен елімізде бұрын шығарылмаған. Бірегей болып саналады. Бұл үлкен серпіліс. Дәрігерлер үшін бұл ауруларды сипаттауға, зерттеуге және анықтауға жаңа мүмкіндік ашады.