$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Көкшетауда «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты жабылуы өтті

04.07.2025ж. 20:00
172
Көкшетауда «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты жабылуы өтті

Көкшетауда «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты жабылуы өтті. Төрт күнге созылған жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар құтқарушыға тән шеберлік пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ақтөбе облысының командасы бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Слет жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған.

ҚУАНЫШБЕК КАРМЕНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам балалар шараға қатысып жатыр. Жарыстың маңызы - дер кезінде көмек көрсету. Балалар өз қабілеттерін, мықтылықтарын көрсетуде. Судың ішінде адамдарға көмек беру арқылы өздерінің дайындықтарын одан әрі шыңдағандай.