$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ертуған Зейнуллинов Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті

AstanaTV
04.07.2025ж. 22:22
142
Ертуған Зейнуллинов Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Ертуған жартылай финалға шығу үшін франциялық Уго Граумен өзара мықтыны анықтады.
Франция өкілі бірінші раундта басымдық танытты. Алайда, Ертуған Зейнуллинов жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті.
Осылайша, жерлесіміз Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.