Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) өнер көрсеткен Снежана Кашкарова жұлқа көтеруде 69 келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал серпе көтеруде ол 82 келіні еңсерді.
Айта кетейік, чемпионат 4–10 шілде аралығында Qazaqstan спорт кешенінде өтуде.