$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Кейде сағынып кетесің…»: Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған видеосы жұртты алаңдатты

AstanaTV
05.07.2025ж. 15:42
154
«Кейде сағынып кетесің…»: Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған видеосы жұртты алаңдатты
Фото: скриншот

Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылап тұрған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әнші Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасына «Кейде сағынып кетесің…» деген түсініксіз жазба қалдырған. Сонымен бірге жаралы жүрек пен сәби бейнесі бар эмодзилер қосылған.

Бейнежазба фонында Жігер Ауыпбаевтың жуырда жарық көрген «Ұлың маған ұқсаған» атты әні естіледі.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін әртүрлі қабылдады. Кейбірі эмоциясын ашық көрсетуін қолдаса, енді бірі сын айтты:

  • «Ер адамға жылаған жараспайды…»
  • «Әйел адам бекер ажыраспайды. Жас кезіңізде бағаламаған боларсыз…»
  • «Сағынған адамыңызбен жолығыңыз…»
  •  «Енді еркектер жылап шығу трендке айналды ма?..»

Көпшілік видеоны Жігердің жеке өмірімен байланыстырды. Алайда кей тыңдарман бұл – тек шығармашылық мақсаттағы көрініс, жаңа әнге арналған эмоциялық видео деп есептейді. Ән мәтіні де сағыныш, өкініш, айырылысу сынды тақырыптарды қозғайды.