«Жер бетіндегі әр адам үшін өз ата-анасының жанында болған кезден асқан бақытты сәт жоқ. Және осы сөзіммен келіспейтін жан жоқ, сірә. Алматыға ата-анамның жанына келіп өзімді қайта тапқандаймын. Көңілім босап кете береді, маған да ана керек, маған да жылу керек, маған да қолдау керек. Кейде ана болып та шаршайсың. Аз уақыт болса да бойдақ күндерімді еске алып, жаңа энергиямен толығып жатырмын. Әйел адам нәзік болса да, жанын сондай төзімді етіп жаратқан. Қазіргі заманның қыз-келіншектері тіптен. Ақшаны да табасы, баланы да бағасың, онымен қоймай 2-3 жұмыс қатар алып жүруің керек», – деп жазды ол.