$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Үш адам көз жұмды: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

AstanaTV
05.07.2025ж. 20:25
137
Үш адам көз жұмды: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto

Павлодар облысы Көктөбе ауылының маңында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 5 шілдеде Көктөбе ауылының маңында Павлодардан 37 шақырым жерде болған.

"Екі автокөлік соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - дейді ведомство.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде мұқият болуды қатаң ескертті. Сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды.