Түркияда мешіттерде орман өрттерінің тоқтауы үшін дұға оқылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Түркияның Дін істері жөніндегі басқарма төрағасы Али Ербаш "елдің әр өңірінде жалғасып жатқан орман өрттерінің тоқтауы үшін бүгін құптан намазынан кейін барлық мешітте арнайы дұға жасалады" деп айтқан.
Ол бұл маңызды дұғаға барша жұртты қатысуға шақырып, Алладан ел мен халықты апаттардан сақтауды тіледі.
Ербаштың өзі Шырнақтағы Бас мешітте осы дұғаға қатысатынын айтты.