$519.51 €611.83 ₽6.6
×

6 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

AstanaTV
05.07.2025ж. 22:31
118
6 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде антициклон ықпалымен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және шығыста дауылды жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысында күндіз аптап ыстық болады – температура +35°C дейін жетеді.